"Қазақстанның жануарлар әлемі" монеталары айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен бес түрдегі биколорлы монетаны айналымға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жинақта Қазақстан фаунасында сирек кездесетін аң-құстар бейнеленген: AQBÓKEN (Ақбөкен), ARQAR (Арқар), BARYS (Барыс), DÝADAQ (Дуадақ) және SUŃQAR (Сұңқар). Барлық монета елдің табиғи байлығын айшықтайтын бірыңғай стильде орындалған.

Монеталар нибрасс/нейзильбер қоспасынан соғылған, дайындау сапасы — uncirculated, номиналы — 100 теңгелік, салмағы — 6,45 грамм, диаметрі — 24,5 мм, әр түрінен 3 000 000 (үш миллион) дана, жалпы таралымы — 15 000 000 (он бес миллион) дана.

Монеталар Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы монеталармен қатар еркін айналымға арналған және екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақша айналымына шығарылады.

Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық банк баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы