Қазақстанның үстел теннисі құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
Қазақстанның үстел теннисі құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жартылай финалда Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжегүлов бастаған қазақстандық команда Түркия құрамасын 8:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Енді біздің спортшылар Иран мен Алжир құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен финалда кездеседі.
Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан атынан бұл дүбірлі додаға 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы Ислам ынтымақтастығы ойындарын алтыншы рет өткізіп отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) ұйымдастырылған болатын.
Еске салсақ, Ислам ынтымақтастығы ойындарында 200 метр брасс бойынша жүзу сайысында Айбат Мырзамұратов финалға шықты.
Ал ауыр атлетика сайыстарында Дарья Балабаюк үздік бестікке енді.