Қазақстанның Украинадағы елшілігі ескерту жариялады
Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігінің парақшасында мәлімделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және бомбадан қорғану бункерлерінде болуға шақырады,- делінген хабарламада.
Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы