Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарды консулдық есепке тұруын өтінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Украинадағы Қазақстан елшілігі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дер кезінде көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке тұруын өтінген.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дер кезінде көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке тұруын сұраймыз. Қазақстан Республикасы елшілігінің веб-сайтында орналастырылған тіркеу картасын толтырып, төлқұжатыңыздың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электрондық поштасына жіберу арқылы елшілікте жеке қатысусыз консулдық тіркеуге тұруға болады, - делінген хабарламада.
Елшіліктің байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (жедел қоңыраулар үшін).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 33 жыл
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы