26 Қыркүйек 2026, 08:42
Фото: pixabay
Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі.
Синоптиктер 2026 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстанның төрт қаласының тұрғындарына ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті.
«Қазгидромет» мәліметінше, 26 қыркүйекте Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Ақтөбе, Өскемен және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.