26 Қазан 2026, 19:12 Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның төрт боксшысы U19 әлем чемпионатының финалына шықты

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының төрт өкілі алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Жартылай финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қазақстанның төрт боксшысы финалға жолдама алды.

Алтын медаль үшін Әлина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Аширбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жұдырықтасады.

Тағы төрт қазақстандық спортшы жарысты қола медальмен аяқтады. Олар – Мәдира Жұмахан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетан Жарқынбек (90 келі).

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 27 қазанда өтеді. Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.