Қазақстанның төрағалығымен Тұрақты өкілетті өкілдер кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД штаб-пәтерінде 2022 жылы Қазақстанның төрағалығымен Достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Отырысқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы С. Лебедев, оның орынбасарлары, ТМД Атқарушы Комитеті департаменттерінің директорлары мен қызметкерлері қатысты.
Отырысты аша отырып, Достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Беларусьтегі Асқар Бейсенбаев бірінші кезекте белорус тарапына 2021 жылы Достастыққа төрағалық етуі барысындағы белсенді және кәсіби жұмысы үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол КОВИД-19 пандемиясының кесірінен қиын жағдайларға қарамастан Беларусь бұл абыройлы миссияны лайықты орындағанын атап өтті.
Кездесуде тұрақты өкілдері алдағы сәуірде Душанбеде өтетін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы күн тәртібінің жобасын талқылады, сондай-ақ Кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.