Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстанға ресми сапармен барды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Душанбе халықаралық әуежайында Қазақстан СІМ басшысын Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фаррух Шарифзода және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес М.Нұртілеу Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер және жетекші тәжік кәсіпорындары мен компанияларының өкілдерімен кездесу өткізеді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе алаңындағы Исмоили Сомони ескерткішіне және Абдулкосим Фирдоуси атындағы саябақтағы Тәжікстандағы қазақстандық бітімгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.

Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеуді Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы