Қазақстанның су саласында 1700-ден астам әйел жұмыс істейді
Елімізде су саласында 1 700-ден астам әйел бар. Атап айтқанда, «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнында 1 579 нәзік жанды ару жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су ресурстары және ирригация министрлігінде 75 әйел бар. Министрлік жанындағы Су шаруашылығы және бассейндік инспекциялар комитетінде 99 әйел жұмыс істейді.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов отандық су саласында қызмет етіп жүрген аруларды мерекемен құттықтады.
Қазақстанның су саласында қызмет атқаратын аяулы аруларымызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың шаттық күлкісін, сондай-ақ жаңа биіктерді бағындыру үшін толағай табыс пен күш-жігер тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бойынша ортақ жұмысымызды сіздердің қажырлы еңбектеріңізсіз елестету мүмкін емес. Гүлдей құлпырып жүріңіздер, әр күндеріңіз қуанышты сәттерге толы болсын, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.