17 Шілде 2026, 22:24 Фото: magnific.com

Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын Шри-Ланка командасына қарсы өткізеді.

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі ерлер құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық ватерполшылар алғашқы матчта Гонконг құрамасымен кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Төрт кезеңнің барлығында басымдық танытқан отандастарымыз кездесуді 23:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын Шри-Ланка командасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Азия чемпионатына құрлықтың 12 құрамасы қатысып, олар екі топқа бөлінген.