Қазақстанның ШЫҰ мемлекеттерімен тауар айналымы 60,8 млрд долларға жетті
Қазақстанның ШЫҰ мемлекеттерімен тауар айналымы 2022 жылы 60,8 млрд долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
Қазақстан - ШЫҰ-да экономикалық кооперацияны дамытудың белсенді жақтаушысы. Қазақстанның ШЫҰ мемлекеттерімен тауар айналымы 2022 жылы 60,8 млрд доллар болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,7% жоғары көрсеткішке ие, - деп айтты Тумыш брифингте.
Ол Қазақстан ШЫҰ-ның транзиттік-көлік саласындағы әлеуетін іске асырудағы перспективаға сенетінін айтты. Бұл берік жеткізілім тізбегіне әлемдік сұраныс жағдайында өте маңызды. Сонымен қатар Транскаспий көлік бағытына серіктестерді қосу өзекті мәселелердің бірі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Тәтті есірткі». Қант vs семіздік пен депрессия
Өзгелердің жаңалығы