Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Корольдіктің Бас прокурорымен кездесті
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Бас прокуроры шейх Сауд бен Абдалла әл-Мужабпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастықты нығайтудың жолдарын талқылады.
Қазақ дипломаты сұхбаттасына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы ақпарат беріп, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған экономикалық реформаларға басты назар аударылғанын хабарлады.
Сауд Арабиясының Бас прокуроры екі ел арасында түрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнағанын атап өтіп, еліміздің құзырлы органдарымен озық тәжірибелермен алмасуға ынталы екенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада әскери оқу-жаттығу жиындары басталды
Өзгелердің жаңалығы