Қазақстанның салық жүйесінде не өзгереді

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмринның жаңа Салық кодексі жобасын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, жаңа Салық кодексінде салық әкімшілігіне баса назар аударылады. Әкімшілендірудің сервистік моделі енгізіледі. Салық төлеушіні тіркеу оңайырақ болады. Салық есептілігі қысқартылып, бақылау цифрландырылады. Сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу, «сән-салтанат салығын» енгізу, салықтар мен төлемдердің санын 20%-ға азайту, салық жеңілдіктерін 20%-ға қысқарту тапсырылды.

Әмрин салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер санын кем дегенде 20%-ға қысқарту бойынша түсіндіріп берді.

Айтарлықтай фискалдық қайтарым жоқ төлемдер алынып тасталады, кейбіреулері біріктіріледі. Бізде тек 12 салық бар. Олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Шаруа және фермер қожалықтарынан алынатын бірыңғай жер салығы ғана табыс салығымен мәндес. Сондықтан бірыңғай жер салығын жеке табыс салығына ауыстыру ұсынылады. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдікті режимнің өзі сақталады. Тек төлем кодының атауы өзгереді, - деді ол.

Ұлттық экономика вице-министрі атап өткендей, 11 төлемнен 2-уін алып тастау ұсынылады. Бұл - сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін және жекелеген қызмет түрлерімен айналысқаны үшін лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер.

3 төлемді біріктіру ұсынылады: жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін. Бір төлем болады – табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем.

Жалпы, төлем мөлшерлемелер саны 77-ге қысқарады. Алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша мөлшерлемелердің 34 түрі алынып тасталады. Сондай-ақ мемлекеттік баждардың 5 түрі алынып тасталады, олар бойынша мөлшерлемелер 51-геқысқартылады, - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Бұл салықтар мен төлемдер санын 20%-дан астамға қысқарту міндетін орындауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы