Қазақстанның қазіргі экономикалық көрсеткіштері оптимизм ұялатады – экономист

Бүгін Үкіметтің соңғы 6 айда атқарылған жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспарлар айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, биыл Үкімет экономикаға қарқынды көңіл бөлді.

Мемлекеттік қаржы, экономиканын мұнайсыз өсу мәселесін қолға алынғаны көрінеді. ЖІӨ өсімі 6,2% халыққа өте оптимизм ұялтатын көрсеткіш. Енді үшінші тоқсан шешуші болады. Логистикалық, транспорттық қарқынымызды жоғалтпасақ, үшінші тоқсанда астық жинала бастап, өнім артып, осы жылғы экономикалық көрсеткіштер жемісті болады деп ойлаймын. Еліміз экономикалық өсімді бұрынғыдай тек шикізатты өндіріп, соны сатып қана емес, өңдеу өнеркәсібін және логистикалық-транспорттық жұмыс арқылы алып отыр, – деді ол.

Экономист тарифтер бойынша қабылданған шешім белгілі бір баланстық нәтиже бергенін айтты

Басында Үкімет коммуналды-энерго секторының инфрақұрылымын жаңарту үшін тарифтардың өсуіне қадам жасады. Себебі басқа амал болмады. Бюджет тапшылығы көрінді. Содан кейін тарифтерді өсіру инфляцияға әсер беретіндіктен инфрақұрылымдық жаңартудың балансын да ойлап, тарифтердің өсімі шектлегені көрінеді, бұл дер кезінде қабылданған шешім. Инфляция да шектелді, инфрақұрылым да жаңарды, – деді Айбар Олжай.

Оның айтуынша, девальвацияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ.

Мұнайдың бағасы бір межеде тұр, құлдырап кетпеді, қатты өспеді де. Теңгеміз өзінің нарықтық орнын тауып отыр, – деді ол.

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар–маусымында Қазақстан экономикасы 6,2 %-ға өсіп, соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Премьер - министр Олжас Бектенов айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы