Кеше 2026, 21:36 Фото: istockphoto.com

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелмеген.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС мәліметінше, 2026 жылғы 3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 21:13-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жерасты дүмпулері Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілген. Атап айтқанда, Мырзакент, Жетісай, Абай ауылы, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Леңгір, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов ауылы, Арыс, Темірлан, Түркістан, Кентау, Шолаққорған және басқа да елді мекендерде, сондай-ақ Шымкент пен Тараз қалаларында 2 балдық деңгейде байқалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелмеген.