Қазақстанның музыкалық өнері Париж сахнасында ұсынылды

Түркі әлемінің қайталанбас музыкалық бренді болып табылатын этно-фольклорлық «Тұран» ансамблі өзінің 15 жылдық мерейтойын Францияда беретін бірқатар концерттер аясында атап өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Роза Бағланова атындағы Qazaq Concert» мемлекеттік концерттік ұйымының және «Art Ambassadeurs» компаниясының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен танымал «Cortot» залында «Bridge of times» атты концерті өтті.

Концертке концертмейстер Дина Мирманованың сүйемелдеуімен опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев та қатысты.

Сонымен қатар, концертте әйгілі композитор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлованың шығармалары орындалды. Іс-шараға Францияда тұратын қазақ диаспорасы, сондай-ақ өнер, саясат, дипломатия, ғылым қауымдастықтарының көптеген өкілдері қатысты.

Бұл ұмытылмас музыка мен эмоцияға толы кеш барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Концерт Францияның басқа қалаларында, соның ішінде Бельфорда, Лионда және ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы