Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын Chevron танкеріне шабуыл жасалды
Танкер қауіпсіз портқа бет алды.
Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы терминалынан (КТК) тасымалдауға пайдаланылатын америкалық «Chevron» компаниясы жалдаған мұнай танкері Қара теңізде дрондардың шабуылына ұшырады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Yasa Polaris мұнай танкері 2022 жылы салынған, 160 мың тонна мұнай тасымалдауға қауқарлы. Кемені Түркияда тіркелген Yasa Holding компаниясы басқарады.
Болған жайтқа қатысты Chevron жауап берді. Компания Ресейдің Новороссийск порты маңындағы КТК (Каспий құбыр консорциумы) тиеу терминалдарына бара жатқан кемеге қатысты оқиғадан хабардар екенін және қазақстандық мұнайды жөнелту жұмыстарының қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Экипаж мүшелері қауіпсіз жерде, кеменің жүзу тұрақтылығы сақталған. Танкер қауіпсіз портқа бет алды. Біз кеме операторы және құзырлы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз, – делінген хабарламада.
Chevron басқаратын "Теңізшевройл" компаниясы CPC Blend маркалы мұнайын жеткізуші ең ірі компаниялардың бірі. Жеткізілетін мұнайдың негізгі бөлігі Қазақстандағы Теңіз кен орнынан алынады.
Айта кетейік, еліміздегі мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады.
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55
- «Таза Қазақстан»: Астанада экологиялық науқанға 1,4 миллионнан астам адам қатысқан 15:20