Қазақстанның могулшылары маусымды төрт алтын медальмен бастады

Қазақстанның фристайл-могул командасы Австрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің спортшылар маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.

Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарса, Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Аяулым Әмренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы