7 Қыркүйек 2026, 22:12 Фото: pixabay

Қазақстанның мемлекеттік орман қорында 4 орман өрті тіркелді

Мамандар азаматтарды орман аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 
2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді.

Өрттердің біреуі Шығыс Қазақстан облысында, екеуі Қостанай облысында, тағы біреуі Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болған.

Орман алқаптарындағы өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы нәтижесінде дер кезінде анықталған.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар және арнайы техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында барлық өрт толық тоқтатылып, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда.

Мамандар азаматтарды орман аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.