Қазақстанның көрікті табиғаты Түркияда таныстырылды

Түркияның ең ірі әуежайлары қатарына кіретін Анкара, Измир, Бодрум және Даламанда Қазақстанның көрікті табиғаты таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұл және Анталияда Бас консулдықтары тарапынан бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шарада заманауи Астана, Іле Алатауы мен Тарбағатай таулары, киелі Түркістан, Бурабай, Шарын шатқалы, Қайыңды және Көлсай көлдері, Босжыраның көркем суреттері түрік және шетел туристерінің назарына ұсынылды.

Жалпы аталған төрт әуежайдың жылдық жолаушылар тасымалдау көлемі 27 миллион адамды құрайды. Олардың 11 миллионы 20-дан астам шетелдік мемлекеттің туристері.

Аталған бастама түрік инвесторлары «TAV Airports Holding» және «YDA Holding» қолдауларымен іске асырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы