Қазақстанның ИЫҰ Әйелдерді даму ұйымымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды

  Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Ислам ынтымақтастық ұйымы Әйелдерді дамыту ұйымының атқарушы директоры, доктор Афнан әл-Шуайбимен кездесуі өтті. Кездесуде гендерлік теңдік мәселелері талқыланып, отбасылық және гендерлік саясат саласында тәжірибе алмасу сөз етілді. Министр Қазақстан көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бейбітшілік, толеранттылық және кемсітушілікке жол бермеу саясатын ұстанатынын атап өтті.  басымдықтарының бірі саналатын гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған жұмыстарға ұдайы қолдау көрсетеді және оған көп көңіл бөледі. Бұған маңызды дәлел ретінде гендерлік алшақтық индексі бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан 2023 жылы 146 елдің арасында 62 орынға ие болғанын атап өтуге болады», - деді Аида Балаева. Министр ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметіне, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының жұмысына тоқталды. Гендерлік саясат мәселелерімен айналысатын 500-ден астам ҮЕҰ және 70-ке жуық ҮЕҰ-ны біріктіретін әйелдер көшбасшылығы мектептерінің ұлттық желісі маңызды рөл атқарады. Еліміздің барлық өңірінде «Әйел саясаткерлер клубтары» және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары жұмыс істейді. Доктор Афнан әл-Шуайби еліміздің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі жетістіктеріне ерекше тоқталып, Орталық Азия елдері арасында Қазақстан осы салада көшбасшы орынға ие екенін атап өтті.  Тараптар сондай-ақ халықаралық алаңдарды да қоса алғанда, Қазақстан мен ИЫҰ әйелдер ұйымының өзара байланыс перспективаларын талқылады. Кездесу соңында қатысушылар әйелдер құқығын қорғаудың негізгі мәселелері бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге және пікір алмасуға ниет білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы