Қазақстанның іскер әйелдері Парижде қазақ мәдениетін таныстырды

Қазақстанның Франциядағы Елшілігі «Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері» қауымдастығымен бірлесіп Парижде қазан мәдениетін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы істер ведомствосы мәлім еткендей, жиынға француз қоғамының, іскерлік және мәдени топтардың өкілдері, ЮНЕСКО басшылығы, Франция мен ЮНЕСКО-да аккредиттелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік немесе мәдениет саласында болсын, әйелдердің құқықтарын ілгерілету және қорғау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі, - деді Қазақстан Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова.

Елші еліміздің басшылығы қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және іске асыру саласындағы реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

Үкімет шешім қабылдау үдерістерінде әйелдердің өкілдігін арттыру, атап айтқанда олардың билікке қатысу деңгейін 30%-ға жеткізу жөнінде шаралар қабылдап жатқаны атап өтілді.

Сонымен қатар елімізде әйелдердің сайлау және саяси процестерге белсенді қатысуы жүзеге асырылуда. Бұған алдағы уақытта өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауда әйел кандидаттардың жоғары қатысуы дәлел болады.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақстанның Франциядағы іскер әйелдері» қоғамдастығының тұсауы кесілді. Оған осы елде тұратын және табысты жұмыс істейтін отандастарымыз мүше бола алады. Қоғамдастықтың қызметі Қазақстан мен Франция арасындағы көп қырлы байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталады.

Жиынға келушілерге «Ұлы даланың әйгілі әйелдері» атты фотокөрме ұсынылды. Көрмеде көрнекті тарихи тұлғалармен қатар бірқатар дипломатия, ғылым және білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саларында үлкен жетістіктерге қол жеткізген қазіргі Қазақстанның өкілдерінің өмір жолы мен еліміздің дамуына қосқан зор үлестері баяндалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Cыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы