Қазақстанның ішкі сауда көлемі 7,2% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. I тоқсан қорытындысы бойынша ҚР Ішкі сауда көлемі 7,2% өсті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оған төмендегі сандар дәлел:
-
Жалпы ішкі өнім 3,8% өсті.
-
Жылдық инфляция 4,8% дейін төмендеді.
-
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7% өсті.
-
Өнеркәсіп өндірісі 3,2% өсті.
-
Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау 10% өсті. Автокөлік өндірісі 33% өсті.
-
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% өсті.
-
Көлік және қоймаландыру қызметінің көлемі 4,4% өсті.
-
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 3,6% құрады.
-
Осы жылдың 2 айындағы сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға, оның ішінде экспорт — 11,1%-ға, импорт — 0,3%-ға өсті.
-
Ішкі сауданың көлемі 7,2% өсті.
-
Осы жылдың 2 айында екінші деңгейлі банктер берген жаңа несиелер көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл 11% көп.
-
Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді.
-
Биыл қаңтар-ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көрінісінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.