Қазақстанның іргетасы берік қаланды - Түркияның экс-президенті
Түркияның бірінші Президенті, Түрік мемлекеттік және саяси қайраткері Абдулла Гүл еліміздегі сайлау науқанына қатысты пікірін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Мен Қазақстандағы жаңалықтарды әрдайым қарап отырамын. Президент кезімде де бірнеше рет бардым. Байланысымызды өте жоғары деңгейде бекіттік. Алғашқы 30 жылда Қазақстанның тәуелсіздігінің бекуі, саяси бірлігінің сақталуы және үлкен көршілермен территориялық тұтастық мәселесін шешуі, экономикалық іргетасын бекітуі сәтті жүзеге асты. Қазақстанның алдағы уақытта өте мықты, өмірдегі жарқыраған жұлдыз халіне келуі үшін өзін жаңғыртуға, әлемдік демократиялық әрі экономикалық нормаларына теңесуі қажет. Қазақстанның іргетасы берік қаланды. Болашақта жан-жақты экономикасы мықты дамыған Қазақстан құрылуы қажет. Бүкіл қазақ бауырларыма сүйінпеншілігімді, шын ықыласымды білдіремін. Сайлаудың сәтті, тыныштықта өтуін тілеймін!, - деді Абдулла Гүл.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұрат Әйтенов өз таңдауын жасады
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы