Кеше 2026, 22:35 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді.

Әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік ақынның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады.

Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды. Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті, - делінген министрліктің көңіл айтуында.

Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.