«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріледі

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасы аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», сонымен қатар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға түзетулер енгізіліп, жетілдіру көзделген.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға берілетін болады. Сондай-ақ ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығы болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік авиация саласындағы күштік органдарда (ҚМ, ІІМ, ҰҚК) тек ведомствоішілік нұсқаулықтар ғана қолданылады. Осы ретте, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңға түзетулер енгізу мүмкіндігін ұсынады, - деп атап өтті сенатор Геннадий Шиповских.

Заң өндірісті жаңғырту, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жақсарту, жергілікті қамту үлесін арттыру қорғаныс өнеркәсібі үшін де, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы үшін де маңызды болып саналады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы