Қазақстанның футбол клубтары жекеменшікке өтеді

Елімізде футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, 2025 жылғы 30 қазанда "Қайсар" футбол клубы ресми түрде жеке меншікке өтіп, TAU Group LTD компаниясының басшысы Иманғали Қозбақовтың басқаруына берілді.

Қала әкімдігі футбол академиясын салу үшін арнайы жер телімін бөлді. Академияға салынатын инвестиция көлемі 12 миллиард теңгені құрайды, – деді Лория.

Сондай-ақ 2025 жылдың 15 қарашасына дейін "Қызыл-Жар" футбол клубының жаңа инвесторларға меншік құқығын беру процесі толық аяқталады деп отыр.

Өз сөзінде Давид Лория "Жеңіс" футбол клубының жекешелендіру барысына да тоқталды.

Астана әкімдігі заманауи футбол академиясын салу үшін арнайы жер телімін белгіледі. Сонымен қатар инвесторға беру бойынша заңдық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Бұл процесті 2025 жылдың 15 қарашасына дейін аяқтау жоспарланған. Академияға салынатын жалпы инвестиция көлемі шамамен 16 миллиард теңге, – деді ол.

Ал "Шахтер" футбол клубы бойынша жекешелендіру процесін қараша айының соңына дейін аяқтау көзделген. Бұл жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі 18 миллиард теңге болады.

Жалпы алғанда, тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 45 миллиард теңгеден асады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы