Кеше 2026, 21:46 Фото: Ақорда

Қазақстанның ертеңі қандай болады? – Президент ғылыми ортаға сауал тастады

Президент адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет екендігін айтты.

Мемлекет басшысы елдегі ғылыми және академиялық қауымдастықтың барлық өкіліне қарата қадау-қадау тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы елдегі ғылыми және академиялық қауымдастықтың барлық өкіліне қарата қадау-қадау тапсырма берді.

Біз адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты, - деп тапсырды.

Президент ғылым өкілдерінің баршасын жұмылдырғанда ғана елдің технологиялық орталыққа айналатынын жеткізді.

Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін, – деді.