29 Шілде 2026, 08:32
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының 1/16 финалына шықты
Енді келесі кезеңде Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасына қарсы сынға түседі.
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында сапы сайысынан Қазақстанның ерлер құрамасы 1/16 финалға жолдама алды.
Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертайдан құралған ұлттық құрама іріктеу кезеңінде Финляндия құрамасымен кездесіп, 45:39 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатының 1/16 финалына шықты.
Енді келесі кезеңде Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасына қарсы сынға түседі.