24 Шілде 2025 2025, 10:41
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстанның Еңбек министрі жұбайынан айырылды
Светлана Жақыпова қайғы жамылды.
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың өмірлік серігі 59 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады.
Светлана Жақыпова 2023 жылдың қазан айынан бастап министр қызметін атқарып келеді.
BAQ.KZ редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.