Қазақстанның елшісі АҚШ-тың Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оның барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.
Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таиландтағы турнирде қазақстандық үш боксшы «алтын» алды
Өзгелердің жаңалығы