31 Қазан 2024 2024, 21:15

Қазақстанның екі боксшысы U19 әлем чемпионатының финалына шықты

Жартылай финалда Асылхан Көшербай (65 келі) мен Даниял Райымбеков (85 келі) жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда Асылхан Көшербай (65 келі) мен Даниял Райымбеков (85 келі) жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда Көшербай Купер МакКонеллмен (Аустралия) шаршы алаңға шығады. Ал Райымбеков Дэниел Питтпен (Уэльс) кездеседі.

Айта кетелік, аталған әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет World Boxing Федерациясының аясында өткізіліп жатыр.