28 Шілде 2026, 03:10 Фото: olympic.kz

Қазақстанның екі балуаны U17 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз 1/2 финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі.

Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.

Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекелер бүгін өтеді.