Қазақстанның бірқатар өңірінде қасқыр аулауға рұқсат берілді

ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздемесін әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтардың 15-і сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

Биологиялық негіздемеге сәйкес, жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін бекітілген.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында үй жануарларына шабуыл жасалғаны туралы дәлелдер болса ғана рұқсат беріледі.

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы желтоқсанның 30-ындағы №347 "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

Бүгінгі таңда бұл қызмет толығымен автоматтандырылып, www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.

Жарас Мақсатұлы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы