Қазақстанның бірінші премьер-министрі дүние салды
Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Терещенко Сергей Александрович 1951 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Ресей ҒА Экономика институтын бітірген.
Еңбек жолын Шымкент облысының Түлкібас ауданына қарасты Куйбышев атындағы кеңшарда бас инженер болып бастаған. Ол Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президентінің орынбасары, Қазақ КСР президенттік кеңесінің мүшесі болған. Шетел инвестициясы ұлттық агенттігінің төрағасы, Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұлттық комисияның төрағасы қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар ол 1991 жылды қазаны мен 1994 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Республикасының бірінші Премьер-министрі болып еңбек етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы