Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.
«Қазгидромет» мәліметінше, 30 қазанда еліміздің бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға қозғалыс бағытын жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады.
Синоптиктердің мәліметінше, 30 қазанда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.
Мұндай жағдайларда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы жатады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
-
Ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
-
Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
-
Ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу қажет. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан жөн.