Қазақстанның басым өңірінде дауылды ескерту: Боран, көктайғақ пен қатты жел күтіледі

Қазақстанда бүгінге дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде қар, боран, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, тұман, сондай-ақ желдің секундына 28 метрге дейін күшеюі күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, мүмкіндігінше алыс сапарларды шектеу ұсынылады.

Қар, боран және жауын-шашын (жаңбыр/қар) күтілетін өңірлер:

• Астана
• Шығыс Қазақстан облысы
• Абай облысы
• Ақмола облысы
• Қостанай облысы
• Солтүстік Қазақстан облысы
• Павлодар облысы
• Қарағанды облысы
• Ұлытау облысы
• Батыс Қазақстан облысы

Көктайғақ күтілетін өңірлер:

• Астана
• Шығыс Қазақстан облысы
• Абай облысы
• Ақмола облысы
• Қостанай облысы
• Қарағанды облысы
• Ұлытау облысы
• Қызылорда облысы
• Батыс Қазақстан облысы
• Атырау облысы
• Маңғыстау облысы
• Ақтөбе облысы
• Жамбыл облысы

Тұман күтілетін өңірлер:

• Алматы және Алматы облысы (12-14 қаңтар)
• Шымкент
• Түркістан облысы
• Жамбыл облысы
• Ақмола облысы
• Қостанай облысы
• Солтүстік Қазақстан облысы
• Павлодар облысы
• Қарағанды облысы
• Ұлытау облысы
• Қызылорда облысы
• Жетісу облысы
• Батыс Қазақстан облысы
• Атырау облысы
• Маңғыстау облысы
• Ақтөбе облысы

Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күтілетін өңірлер:

• Астана
• Шымкент
• Шығыс Қазақстан облысы
• Абай облысы
• Түркістан облысы
• Жамбыл облысы
• Ақмола облысы
• Солтүстік Қазақстан облысы
• Павлодар облысы
• Қарағанды облысы
• Ұлытау облысы
• Жетісу облысы
• Батыс Қазақстан облысы
• Атырау облысы
• Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы