Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын дзюдо құрамасы белгілі болды
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) XІХ жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24-27 қыркүйек күндері дзюдо бойынша 14 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасы сапынан 14 татами шебері қатысады.
Бүгінде ұлттық құрама Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Әрине, жылдың басты додасы саналатын жарысқа құраманы жасақтау бізге оңайға соққан жоқ. Себебі қазіргі таңда құрамада барлық салмақ бойынша бәсеке өте жоғары. Соған қарамастан біз спортшылар 2023 жылдың басынан бері қатысқан Гран-при, Grand Slam сынды ірі әлемдік жарыстардағы нәтижесіне қарай іріктеп алынды. Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз, - дейді дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.
XІХ жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының тізімі мынадай:
Ерлер:
Мағжан Шамшадин (60 кг),
Ғұсман Қырғызбаев (66 кг),
Данияр Шамшаев (73кг),
Абылайхан Жұбаназар (81 кг),
Дидар Хамза (90 кг),
Нұрлыхан Шархан (100 кг),
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).
Әйелдер:
Абиба Абужақынова (-48 кг),
Ғалия Тынбаева (52 кг),
Севара Нишанбаева (-57 кг),
Эсмигул Куюлова (-63 кг),
Анастасия Маякова (-70 кг),
Аруна Жангельдина (-78 кг),
Камила Берліқаш (+78 кг).