Қазақстанның авиация саласы қай деңгейде?
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы қонағы - Халықаралық авиация сарапшысы Абыл Кекілбаев, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстан қазір әлемнің 31 елімен тұрақты әуе қатынасын орнатқан. Аптасына 582 рейс жиілігімен 117 бағыт бойынша әуе тасымалы орындалуда. Әуе географиясын кеңейтуді көздейтін "Ашық аспан" режимі 2027 жылға дейін созылды. Президенттің осы бастамасы авиация саласында қалай жүзеге асып жатыр? Бәсекелестік орта дамып жатыр ма?
Отандық авиакомпаниялар Air Astana, SCAT, Qazaq Air және Fly Arystan Қазақстанның 19 қаласына тұрақты рейстер орындайды. Ішкі бағыттағы ұшақтардың техникалық сапасы туралы не айтуға болады?
Өткен жылы Шымкент пен Қызылордада жаңа әуежай терминалы ашылып, пайдалануға берілді. Жалпы елдегі басқа әуежайлардың қазіргі жай күйі қалай?
Рейстердің жиі кешігуі әуежайдарға көбірек қатысты ма, әлде ауа райына ма?
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі қалай зерттеледі? Нәтижесі қашан айтылып қалады?
Осы және өзге де сұрақтарға авиация маманы, ICAO, яғни Халықаралық азаматтық авиация ұйымында жұмыс істеп келген тұңғыш әрі жалғыз қазақ Абыл Кекілбаев жауап береді.
Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.