Қазақстанның әуе компаниясы Ресейге ұшуды тоқтатты
QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуекомпания қазіргі уақытта QAZAQ AIR тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстанда 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Өзгелердің жаңалығы