13 Ақпан 2026, 06:35 Фото: Polisia.kz

Қазақстанның арнайы күштері халықаралық жарыста жеңіске жетті

Мұндай жетістіктер Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырады.

Дубайда өткен жыл сайынғы UAE SWAT Challenge халықаралық жарысында Қазақстанның күштік құрылымдарының ең таңдаулы жауынгерлері ел намысын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижелер бойынша:

  • Kaz SWAT Team C – 1-орын
  • Kaz SWAT Team A – 2-орын
  • Kaz SWAT Team B – 8-орын
  • Kaz SWAT Team D – 20-орын
  • Tomiris (әйелдер командасы) – жалпы 18-орын, әйелдер арасында 1-орын

Еліміздің арнайы бөліністері беделді турнирде бірден екі орынды иеленіп, кәсіби біліктілігі мен жауынгерлік дайындығының жоғары екенін дәлелдеді. Мұндай жетістіктер Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырады және күштік құрылымдар үшін үлгі болып табылады.

Еске салсақ, ІІМ “Сұңқар” арнайы жасағы өткен жылғы жарыста екінші орын алған болатын және бірнеше жылдан бері халықаралық додаларда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді.