Қазақстанның Армениямен достық пен ынтымақтастық туралы шартына 25 жыл толды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орай мемлекеттер көшбасшылары мен сыртқы істер министрлері аттарынан құттықтау хаттарымен алмасты.

Осы орайда өткен кезең ішінде тиімді мемлекетаралық ынтымақтастық үлгісі құрылғаны, белсенді саяси диалог жүргізілуі, сауда-экономикалық кооперация тереңдетілуі, мәдени-гуманитарлық жобалардың ілгерілетілуі аталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы диалог пен өзара түсіністік негізінде Қазақстан-Армения өзара іс-қимылын бұдан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы