«Қазақстанның алтын дауыстары» музыкалық дискісі жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың жезтаңдай әншілерінің әндері енген үнтаспаны Шафердің музей-үйі шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Музейдің басшысы Ажар Сағындықованың айтуынша, аталған туынды Шафердің музей-үйінің шығарған 60 диск.
«Астана күніне орай осындай туындыны тыңдарманға ұсынуды жөн көрдік. Үнтаспаға қазақтың мақтанышы болған Жамал Омарова, Роза Бағланова, Күләш Байсейітова, Роза Жаманова және Бибігүл Төлегенованың әндері енді. Дискінің ерекшелігі мұндағы эстрадалық өнер мен опералық дауыстардың үйлесімді араласуында», - дейді Ажар Сағындықова.
Танымал музыкатанушы, филология ғылымдарының докторы Наум Шафердің айтуынша, аталмыш туынды Қазақстанның алтын дауыстарына арналған серияның басы ғана.
«Бір дискіде қазақ әйелдерінің алтын вокалын сидырту үшін әрбір әншіден үш-үштен ән алдық. Мақсат – тыңдарманға опералық және эстрадалық ән жанрлары бірдей рухани құндылықтарды насихаттағанын еске түсіру. Мысалы, қазірде опералық әнші мен поп-жанрындағы әншіні бір таспаға шығарып тыңдаса, олардың айырмашылығы өте қатты болады. Ешқандай гармония болмайды. Ал бұл жерде дауыстар толықтай үйлесім табады», - дейді Наум Шафер.
Наум Шафер болашақта жарық көретін келесі диск ерлер вокалына арналатынын айтты. Онда да эстрадалық орындаушылар мен опералық әншілердің туындылары жиыстырылмақ. Үшінші дискіде сопрано дауысты Эра Епанешниковаға арнау жоспарлануда.