Қазақстанның алты облысын тұман басады

Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАвтоЖол" ҰК мамандары жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады. Айтуларынша, республиканың бірнеше өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Ақмола, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысында қалың тұман түседі. Ал, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облысында екпіні 15-20 м\с жел соғып, бұрқасын болады деп болжанады. Салдарынан аавтожолдарда көрініс шектелуі мүмкін, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы