Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы өз дауысын шетелде берді - СІМ

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ОСК брифингінде баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша  шетелде 13   учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты). 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда,  Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы 1 Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағ. 20.00-де ашылады. Еске сала кетейін, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12 307, - деді ол.

Бүгін, Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брифингтер өтті. 

Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтуде. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін және заңды болып табылады, олармен учаскелерде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар, халықаралық бақылаушылар біздің сайлаушылардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, өздеріңізге мәлім, референдумды 200 астам шетелдік журналисттер жарықтандыруда, - деп атап өтті Роман Василенко.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы