Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ«Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 12-қаңтар күні Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында бұрқасын болады, Атырау облысында да бұрқасындатып, көктайғақ болады. Түркістан және Маңғыстау облыстарында да көктайғақ болады.

Ұлытау, Ақмола, Қарағанды облыстарында жаяу бұрқасын соғады.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында қалың қар түседі, Жетісу облысында да қалың қар түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысында тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы