Қазақстанның 13 өңірінде тас жолдарда ауа райы күрт нашарлайды
21 қаңтар күні Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында ауа райының қолайсыздануы болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қолайсыз ауа райы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай облысында күтіледі.
Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға және жол жағдайының күрт нашарлауы мүмкін екенін ескеруге кеңес беріледі.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы байланыс орталығынан білуге болады.
Бұған дейін алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларында ауа райы құбылмалы болатыны хабарланған болатын. Елорданы аяз бен боран күтіп тұрса, оңтүстік астанада қар жауып, көктайғақ сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмыссыздарға 130 млрд теңге: Қанша қазақстандық төлем алды?
Келесі жаңалық
Үй алудың жаңа жолы: Келісімшарт та, тіркеу де онлайн болады
Өзгелердің жаңалығы