19 Қараша 2026, 13:22 Фото: Ақорда

Қазақстанның он университеті Times Higher Education rankings 2027 халықаралық рейтингіне енді

Президент біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру екенін атап өтті. 

«Біз кейінгі уақытта қол жеткізген бірқатар жетістігімізді мақтан тұтамыз. Мәселен, 18 университетіміз биылғы QS World University Rankings тізіміне енді. Сонымен қатар Қазақстанның 10 жоғары оқу орны 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне қосылды. 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында ең жоғары көрсеткішпен көш бастап, орнықты өсім көрсетіп келеді. Алайда жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды. Қазақстан жоғары білімнің, ғылымның және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын дәйекті түрде нығайтуды көздейді. Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу. Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды», - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда білім алғысы келетін шетел жастарының саны бір жылдың ішінде 10 мыңға артып, 41 мыңға жеткені хабарланды.