Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ҰҰА ұшырылған. Министрлік жауап берді

Қорғаныс министрлігі ел аумағынан Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшатын аппараты ұшырылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейлік БАҚ-та Қазақстан аумағынан Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшатын аппараттың (ҰҰА) ұшырылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Оның мақсаты ресейлік аэродромдар болған екен. Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, таралған ақпарат – жалған.

«Московский Комсомолец» порталында жарияланған Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ҰҰА ұшырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, бұл ҰҰА-лар ҚР Қарулы Күштерінде мүлдем болмаған, – деді Министрлік өкілдері.

Баршаңызды арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы