Қазақстаннан Ресейге дрондардың ұшырылып жатқаны рас па?

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан аумағынан Ресейге қарай ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшырылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан аумағынан Ресей тарапына қарай ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшырылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп атап өтті сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз конференциясында.

Айтуынша, қазіргі уақытта құзыретті органдар аталған жайтқа қатысты тексеріс жүргізуде.

Құзыретті органдар Қазақстан Республикасы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттардың анықталуына байланысты таяудағы оқиғалардың барлығына қатысты жағдайға тексеріс жүргізуді қолға алды, - деді ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар ол тексерудің қорытындысын күтуге шақырды.

Қазақстан аумағынан дрондардың ұшырылуы мен іске қосылуы туралы ақпараттар жалған, - деді Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан 3 мыңнан астам қазақстандық елге орала алмай отырғанын жаздық.

Сондай-ақ СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы